Tabys қосымшасында IPO-ға өтінім беру инструкциясы

26 Просмотры
Издатель
Тікелей жазылым – бұл акцияларды бастапқы орналастыру кезінде оларды эмитенттен/акционерден делдалдарсыз (брокерсіз немесе андеррайтерсіз) тікелей сатып алу туралы шарт жасасу. Тікелей жазылымды брокер немесе андеррайтерлер арқылы бөлшек сауда инвесторлары мен институционалдық инвесторлардан өтінім жиналатын әдеттегі тәсілмен (букбилдинг) қатар жүргізуге болады.

Тікелей жазылым құралы Astana International Exchange биржасының қолдауымен әзірленген Tabys мобильді қолданбасы арқылы және/немесе Қазақстанның бүкіл өңірлеріндегі «Қазпошта» бөлімшелері арқылы барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді болады.

Акцияларға тікелей жазылымды Tabys арқылы рәсімдеу үшін, инвестордың жеке куәлігі, банк картасы мен Интернетке кіруге болатын смартфоны болуы керек. Қызмет тәулік бойы режимінде онлайн қолжетімді  болады.
Категория
Инвестиции в IPO
Комментариев нет.